Бейсенбі, 25 сәуiр, 02:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Вакцина шығаратын компания өртке оранды

30.01.2021

1427 0

Үндістан астанасы Нью-Делидегі Үнді институтының 6 қабаттық ғимаратынан өрт шығып, тілсіз жау бес адамның өмірін жалмап кеткен. Бұл әлемдегі вакцина шығарушы ірі зауыттың бірі болатын. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда деп жазады CNN ақпараттық агенттігінің Үндістандағы тілшісі Манвина Сури.
Әлемдегі ірі вакцина шығаратын өндіріс орнынан шыққан өрт вакцина шығаруға ешқандай кері әсерін тигізбейді деп хабарлады компания басшысы. Шаһар басшысы Мурлидхара Мохоланың айтуынша, институттан шыққан өрт бірден бақылауға алынған, алайда өрт себептері әлі анықталмаған.
Мохола сондай-ақ өрт шыққан блоктан төрт адам құтқарылып, 5 адам қайтыс болғанын айтты. Алдын ала берілген мәліметке сүйенсек, ол адамдар құрылысшылар болуы мүмкін, себебі тілсіз жауға оранғанға дейін ғимаратқа құрылыс жұмыстары әлі жүргізіліп жатқан болатын. Өртті сөндіру үшін муниципалды корпорация мен өрт сөндіру бөлімінің 15 маманы жұмылдырылған.
– Құрылыс жұмыстары кезінде дәнекерлеуші құралынан өрт шықты деген болжам бар, – дейді Нью-Дели қаласының мэрі.
Өрт сөндіру тобының басшысы тілсіз жау ең алдымен екінші қабатта басталғанын, кейін басқа жерлерге де тарағанын жеткізді. Нәтижесінде екінші өрт жергілікті уақытпен 16.15-те 50 өрт сөндірушінің көмегімен сөндірілген.
– Оқиға салдарынан 5 адамның қайтыс болғанын білдік. Қайтыс болған жандардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, – деп SII компаниясының басшысы Адар Пунавалла өз Twitter парақшасында жазды.
SII Оксфорд университеті мен Astra Zeneca фармацевтикалық компаниясының серіктестігі Ковишилд вакцинасын шығарады. Айта кетерлігі, SII желтоқсанда ай сайын 50-60 млн Covishield вакцинасын шығаратынын, қаңтар мен ақпанда 100 млн дозаға жеткізетінін мәлімдеген болатын. Тек Үндістанға ғана емес шетелге де вакцина сатуды көздеген компания өрттің зардаптары вакцина шығаруға ешқандай кедергі келтірмейтінін айтты.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған
Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: