Сейсенбі, 23 сәуiр, 15:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Жерлеу рәсімінде ер азамат сәбилерінің орнына қуыршақтардың оралғанын байқап қалған

17.02.2021

1277 0

Дағыстан тұрғыны Дауд Даудов жерлеу кезінде балаларының орнына қуыршақтарды орап бергенін байқап қалған, деп хабарлайды РИА «Дагестан».

Есеңгіреп қалған адам жаңа туған балаларының тірі екендігіне үміттенген. Алайда оның әйелі бала тумаған және мүлдем жүкті болмағаны анықталды.

Ол тоғыз ай бойы күйеуіне жүктілігі туралы өтірік айтқан болып шықты, өйткені күйеуі сәбилері болғанын армандаған екен.

Босану уақыты келгенде, әйелі соңына дейін баруға шешім қабылдаған және сәбилері Ставрополь перинаталды орталығында қайтыс болды деп өтірік айтқан. Күйеуіне сәбилердің өлімі туралы хабарлаған және перзентханада балаларды әйелден оқшаулап тастағанын айтқан.

Алайда, жерлеу рәсімі кезінде ер адам балаларының орнында қуыршақтар оралғанын сезіп қойған.

Қазір тергеушілер әйелмен не істеу керектігін шешіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: