Жұма, 29 наурыз, 07:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жүргізушісіз көлік

12.12.2020

1173 0

Ұшқышсыз ұшақ, жүргізушісіз көлік, даяшысыз қызмет құралы – заманның озық ғылыми жетістігі. Әсіресе әскери қолданыстағы ұшқышсыз дронның тиімділігі бұл салаға әуесті арттырып, тың зерттеу нысанына айналдырды. Майдан қаруы ғана емес, адам өмірін жеңілдету және қауіпсіз тасымал жүйесін орнату үшін Қытай компаниялары маңызды өнертабысқа қол жеткізді. «CNN» арнасының тілшісі Мишель То ерекше техниканың қыр-сырына тоқталып, арнайы хабар әзірлеген. Тақырыбы – «Қытайда адамсыз робототехника танымал болуда».

«Бейсенбіде Alibaba (BABA) компаниясы AutoX жүргізушісіз роботакси қызметін Шэньчжэн қаласында бастағанын мәлімдеді. Бұл Қытайдағы осы мазмұнды саладағы ең алғашқы қадам болғанымен құнды. Әзірге 25 автокөлік халық қызмет көрсетуге дайын. Алдағы уақытта көлік санын арттыру жоспарлануда».

Сонымен қатар хабарда AutoX жобасының бас директоры Цзяньсюн Сяо ғылыми жетістікке жету жолы мен жоба алдындағы міндетті көрсеткен. Ол: «Біз көп жылдар бойғы ұзақ ізденіс нәтижесінде үлкен жетістікке жеттік. Бұл технология айтарлықтай жетілген, сол себепті қауіпсіздік пен басқару құрылымында ақау болады деп ойламаймын. Автомобильдер жасанды интеллект  арқылы шешім қабылдауға қауқарлы. Алдағы уақытта өнім санын көбейтіп, әлемдік нарыққа шығуды көздейміз» деген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: