Сейсенбі, 26 мамыр, 17:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

477 теңге: доллар құны қайтадан көтеріліп жатыр

26.05.2026

52 0

фото: shutterstock

26 мамырда доллар бағамы айтарлықтай көтерілді. Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 12:00-де 1 доллар 477,43 теңге болды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Айта кетейік, бір күн бұрын биржада валюта саудасы 472,96 теңгемен жабылған. Содан бері аз уақыттың ішінде доллар шамамен 4 теңгеге нығайып үлгерді.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер де сейсенбі күні түсте АҚШ валютасын 477-478 теңге аралығында саудалай бастады. Ақша айырбастау мекемелері көк қағазды 478 теңгеден сатып жатыр.

kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы валюта айырбастау пунктері 1 долларды 475 теңгеден қабылдап, 478 теңгеден өткізе бастады. Астанадағы бағам: 470 және 477 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаз уақытында долларға сұраныс артатынын ескерткен. Өйткені шетелде демалатын азаматтар АҚШ валютасын көптеп сатып ала бастайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: