Жұма, 08 мамыр, 11:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

КТК мұнай айдайтын екі құрылғыны ауыстырғалы жатыр

08.05.2026

37 0

Фото: КТК

Каспий құбыр консорциумы (КТК) құрлықтан теңіздегі танкерлерге мұнай айдайтын екі құрылғыны ауыстыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы консорциумның өзі хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Дрондар қиратқан құрылғы

Консорциумның бас директоры Николай Горбань Теңіз терминалына барып, оның жұмысын тексерген.

«Қазір Новороссийскіде 2001 жылдан бері пайдаланып келе жатқан мұнай айдайтын екі құрылғыны ауыстыруға дайындық жүріп жатыр», – деп таратты КТК баспасөз қызметі.

Горбань дрондар шабуылынан зардап шеккен екінші құрылғыны демонтаждау жұмысын тексерген. Бұған қоса, ол жаңа құрылғыларды орнатуға қажетті іс-шараларды пысықтаған.

Бас директор Теңіз терминалын қорғау құрылғыларының жағдайына ерекше көңіл бөлгені айтылды. Төтенше жағдай бола қалған уақытта қызметкерлердің не істеу керектігі тексерілген.

КТК мәліметінше, 2025 жылы Новороссийскідегі Теңіз терминалы 70,52 млн тонна мұнай айдаған. Бұл – рекорд.

Қазақстан сатып алған ба?

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 29 қарашада дрондар Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) Новороссийскідегі нысандарына шабуылдаған. Соның салдарынан жағалаудан танкерлерге мұнай айдайтын үш құрылғының бірі істен шыққан. Қазақ үкіметі дрондар шабуылының шығынын 225 млн долларға бағалаған. Соған байланысты Астана КТК-ға балама бағыттар іздеуге кіріскен.

2025 жылғы желтоқсанның ортасында қазақ үкіметі Теңіз терминалындағы екі құрылғыны өз ақшасына сатып алу туралы шешім қабылдаған. Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілуі тиіс қымбат тауарлардың құны айтылмады, бірақ олар шамамен 160 млн доллар тұруы мүмкін.

Айта кетейік, КТК таратқан ресми мәліметте құрылғыларды Қазақстан жағы сатып алғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: