Бір апта ішінде Қазақстандағы алтын бағасы өсті, – деп хабарлайды KAZINFORM
Қазақстан Ұлттық банкінің 2026 жылғы 7 мамырдағы деректеріне сәйкес, бір грамм алтынның бағасы 68 086,45 теңгеге жетті.
Әлемдік нарықта да алтын бағасы жоғары деңгейде сақталып отыр. Сарапшылар мұны АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімге қатысты жаңалықтардың күтілуімен байланыстырады.
Алтынның спот бағасы 0,1 пайызға өсіп, бір унциясы 4 692,45 долларға жетті. Ал алдыңғы сауда күнінде бағалы металл құны шамамен 3 пайызға қымбаттаған.
Сонымен қатар, АҚШ-та маусым айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы 0,2 пайызға өсіп, бір унциясы 4 701 доллар болды.
Еске салайық, биыл 16 сәуірде Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 73 133,53 теңге болған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
