Бейсенбі, 07 мамыр, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда сәуірде құрылыс материалдары мен жөндеу жұмыстарының құны өзгерді

07.05.2026

26 0

Коллаж: Kazinform/ Freepik

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың сәуір айында Қазақстандағы құрылыс саласында баға өзгерістері байқалды. Наурыз айымен салыстырғанда құрылыс саласындағы жалпы баға индексі 100,8%-ды құрады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бюро сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, ең жоғары баға өсімі құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тіркелді. Бұл бағыттағы көрсеткіш 100,8%-ды құрады. Ал машиналар мен жабдықтардың бағасы сәл төмендеп, 99,8%-ға дейін түскен. Сонымен қатар өзге жұмыстар мен шығындар көлемі 101,1%-ға жеткен.

Құрылыс өнімдері мен шикізат

Құрылыс өнімдерінің ішінде пластмасса бұйымдарының бағасы айтарлықтай өскен. Бұл өнімдер бойынша көрсеткіш 108,2%-ды құрады. Сонымен бірге цемент пен тауарлық бетонның бағасы да көтерілген. Атап айтқанда, цементтің көрсеткіші 101,0%-ға, ал тауарлық бетон 100,3%-ға жеткен.

Ал кейбір құрылыс өнімдерінің бағасы төмендеген. Мәселен, бояу мен лак өнімдерінің көрсеткіші 97,1%-ды құраса, ағаш материалдары 99,4%-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ мұнай өңдеу өнімдерінің көрсеткіші 99,5%-ды, ал бейметалл материалдар 99,7%-ды көрсеткен.
Әйнек, әк, гипс және металл конструкцияларының бағасы өзгеріссіз қалып, көрсеткіш 100,0% деңгейінде сақталған.

Өңірлердегі көрсеткіштер

Өңірлер бойынша құрылыс саласындағы орташа баға көрсеткіші 100,8%-ды құрады. Ең жоғары өсім Түркістан облысында тіркеліп, көрсеткіш 101,1%-ға жеткен. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматы және Қарағанды облыстарында байқалды — 100,1%.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында құрылыс саласындағы баға көрсеткіші 100,8%-ды құраған.

Құрылыс өнімдерінің бағасы

Құрылыс ұйымдары арасында жүргізілген іріктемелі зерттеу деректеріне сәйкес:

  • құм — 4 628 теңге/текше м;
  • қиыршық тас — 6 557 теңге/текше м;
  • битум — 182 618 теңге/тонна;
  • М400 цементі — 53 884 теңге/тонна;
  • ЦЕМ I 42,5 Н цементі — 45 251 теңге/тонна;
  • ПФ-115 эмалі — 1 517 013 теңге/тонна;
  • М350 бетоны — 16 488 теңге/тонна;
  • табақ болат — 380 343 теңге/тонна;
  • А-1 арматурасы — 336 709 теңге/тонна;
  • А-III арматурасы — 330 727 теңге/тонна.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: