Дүйсенбі, 25 мамыр, 16:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

ҚТЖ мойнындағы 4,3 трлн теңге қарыздың 52%-ы шетел валютасымен алынған

25.05.2026

49 0

Коллаж: Kazinform / Freepik

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаржы жөніндегі басқарушы директоры Дайыр Көшеров кәсіпорынның қарыз құрылымы туралы мәлімет берді, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Борыш жүктемеміз норматив деңгейінде. Қарыздың EBITDA-ға қатынасы жыл аяғында 3,7 болды. Әлемдегі біз сияқты инфрақұрылым мен жолаушылар тасымалын қатар алып отырған халықаралық теміржол компанияларымен салыстырсақ, бұл коэффицент 4-8 пайыз арасында құбылады. Сонда біз норматив деңгейіндеміз. Бұл — бір. Екіншіден қарыз жүктемеміз қалыпты екенін халықаралық рейтингтер де растап тұр. Соңғы рет еуробондты бағасы бойынша «Бәйтеректің» деңгейінде шығардық, — деді ол «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында.

Айтуынша, қарыздың жартысынан көбі шетел валютасында. Соның әсерінен девальвация кезінде ұлттық компанияның қарыз жүктемесі күрт артып кетеді. 

— Қазір біздегі қарыздың құны 4,3 трлн теңге. Оның 48 пайызы теңгемен, 52 пайызы шетел валютасымен алынған, — деді басқарушы директор.

Бұған дейін Сенаттағы Үкімет сағатында компания төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев ҚТЖ-ның номиналды қарызы 4,7 трлн теңге болғанын айтқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: