Құрылтай

Сейсенбі, 14 шiлде, 18:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Республикалық бюджет кірісі 24,6% өсті

14.07.2026

54 0

Фото: Gov.kz

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды. Ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі уақытылы қаржыландырылды. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Трансферттерді есепке алмағанда, республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгеге немесе 100,6%-ға жетті. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға өсті. Салық түсімдері 8,3 трлн теңге немесе 100,3% болды. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, салық түсімдері 1,9 трлн теңгеден асып, 29%-ға өсті, – деді ол.

Сонымен бірге, Ержан Біржанов кірісті өсірген негізгі факторларды атап өтті.

– Кірістер серпініне негізгі экспорттық тауарлар бойынша бағаның өсуі, сондай-ақ сыртқы сауда белсенділігі оң әсер етті. Бұдан бөлек, электрондық жүйесі бойынша сату айналымдары 12%-ға немесе 10,8 трлн теңгеге өсті, — деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: