Биылғы маусымның қорытындысы бойынша Ұлттық банктің іскерлік белсенділік индксі 50 тармақты құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш іскерлік белсенділіктің өткен айдағы деңгейде сақталғанын білдіреді. Сонымен қатар құрылыс және өндіріс салаларында оң динамика байқалған.
– Жылдық инфляция тоғыз ай қатарынан баяулап, маусым айында 10,3 пайызды құрады. Бұған қатаң ақша-кредит саясаты, ең төменгі резервтік талаптардың күшеюі, алтын сатып алу операцияларын кеңейту арқылы ақша массасын басқару, Үкіметтің инфляцияға қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ тұтынушылық кредиттеуді реттеуге бағытталған макропруденциялық шаралар ықпал етті.
Ұлттық банк төрағасының сөзінше, аталған факторлардың ықпалымен 5 маусымда базалық мөлшерлеме 18 пайыздан 17 пайызға төмендетілді.
– Дегенмен инфляция әлі де екі таңбалы болғандықтан, жағдай толық тұрақтынды деп айтуға әлі ерте. Инфляцияны одан әрі төмендету үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін және жанар-жағармай бағасын көтеру бағдарламаларын байыппен іске асыру, бюджеттік концилизацияны нақты іске асыру, яғни республикалық бюджет дэфицитінің және ұлттық қор трансферліктерінің өсуіне жол бермеу.
Айта кетейік, бүгін Үкімет республикалық бюджеттің атқарылу барысына назар аударады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
