Жұма, 08 мамыр, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық банк цифрлық актив операторларын лицензиялау тәртібін бекітті

08.05.2026

45 0

Коллаж: Kazinform/Pexels

Қазақстан Ұлттық банкінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі қаулысымен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Жаңа құжатқа сәйкес, лицензия алуды жоспарлаған заңды тұлғалар Ұлттық банкке белгіленген үлгідегі өтінішті цифрлық активтер туралы заңнамада көзделген барлық қажетті құжаттар мен мәліметтерді қоса тапсыруы тиіс (12-2-баптың 6-тармағы).

Егер өтініш тапсырылғаннан кейін құжаттарға өзгерістер енгізілсе, оператор бұл туралы Ұлттық банкті 10 жұмыс күні ішінде хабардар етіп, жаңартылған нұсқаларын жолдауға міндетті.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке, оның ішінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операцияларына лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңартылған тәртібі күшіне енеді.

Жаңа регламентке сәйкес рәсім бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады:

– Ұлттық банкке келіп түскен өтініш түскен күні қабылданып, тіркеледі және профильдік бөлімшеге жолданады;

– eGov порталы арқылы өтініш берген жағдайда, өтініш беруші жеке кабинетінде өтініштің қабылданғаны туралы мәліметті күні мен уақыты көрсетілген түрде бірден көре алады;

– Ұлттық банк компания басшысы мен заңды тұлғаның тіркелуі туралы қажетті ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

Өтініш тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығы тексеріледі. Егер құжаттар топтамасы толық болмаса, өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.

Құжаттар талаптарға сәйкес келген жағдайда, өтініш белгіленген мерзімде қаралып, лицензия беру туралы жоба немесе дәлелді бас тарту шешімі дайындалады.

Лицензия беруден бас тартуға негіздер анықталған жағдайда, өтініш иесіне алдын ала шешім жіберіледі. Осыдан кейін оған тыңдау рәсімі аясында өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі. Тыңдау өтетіні туралы хабарлама қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жолданады, ал отырыс хабарлама берілгеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің шетел валюталарына қатысты ресми бағамын айқындау қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: