Құрылтай

Сейсенбі, 14 шiлде, 17:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық банк: Теңге жыл басынан бері 5,1%-ға нығайды

14.07.2026

40 0

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңге АҚШ долларына қарасты 5,1%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның айтуынша, ұлттық валютаның нығаюына бірнеше негізгі фактор әсер еткен.

– Бұған қалыпты қатаң ақша-несие саясаты, бейрезиденттер тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздарға жоғары сұраныс, Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен шаралары және қолайлы сыртқы конъюнктура ықпал етті, – деді ол.

Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта Ұлттық қордан биржалық нарыққа 2,2 млрд АҚШ доллары көлемінде шетел валютасы сатылған. Сонымен қатар, өтімділікті теңестіру аясында айналымнан алынған қаражаттың жалпы көлемі 2,1 трлн теңгеге жеткен.

Сондай-ақ ол үшінші тоқсанда нарықтан қосымша 1,1 трлн теңге көлемінде өтімділікті алу жоспарланып отырғанын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: