Сейсенбі, 21 сәуiр, 19:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Атом электр станциясының құрылысына қанша қаражат жұмсалады

21.04.2026

54 0

Фото: kursiv.kz

Атом энергия жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев жалпы қуаты 1200 МВт-тық екі блоктан тұратын станция құрылысына шамамен 15 млрд доллар қаржы кетуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды  kursiv.media

Оның сөзінше, атом станциясын салуда қаржылай қиындық болмайды. Ресей Федерациясы Қазақстанға жобаны жүзеге асыру үшін мемлекетаралық несие береді.

Жобаның түпкілікті бағасын тек құрылыс толық аяқталған кезде ғана нақты айтуға болады. Қазіргі уақытта тек болжамды баға ғана белгілі. Мысалы, жалпы қуаты 1200 мегаватт болатын екі блоктан тұратын станцияның құны шамамен 15 млрд долларға бағаланып отыр», – деді ол.

Басқа мемлекеттер тәжірибесі қандай?

Сәтқалиевтың пікірінше, әлемнің ірі экономикалық орталықтары атом арқылы электр энергиясын өндіруге ерекше мән беріп отыр. Мәселен, Қытай кемінде 50 энергоблок салуды жоспарласа, Ресей мен Үндістанның да ауқымды бағдарламалары бар. Тіпті Францияда өткен саммитте ЕуроОдақ басшылығы атом энергиясынан бас тартуды стратегиялық қателік деп атады.

АҚШ кейінгі 20 жылда алғаш рет жаңа атом станциясын салатынын жариялады, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде де ұқсас бағдарлама іске асырылып жатыр.

Бұған дейін Сәтқалиев энергия көзінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда кемінде 3-4 атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін мәлімдеген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: