Сейсенбі, 05 мамыр, 12:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

Елде жаңартылатын энергия көздерінің 170 станциясы жұмыс істеп тұр

05.05.2026

27 0

Фото: DW

Былтыр жаңартылатын энергия көздерінің өндіру көлемі 8,7 млрд кВт/сағатты құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

-2021 жылдан бастап жаңартылатын энергия көздерінің белгіленген қуаты 1700 МВт-тан 3700 МВт-қа дейін артты. Жыл басында энергия жүйесінде жаңартылатын энергия көздерінің 170 электр станциясы жұмыс істеді. 2025 жылы елімізде жалпы өндірілген электр энергиясындағы жаңартылатын энергия көздерінің өндіру көлемі 8,7 млрд кВт/сағатты немесе 7 пайызды құрады. 2021 жылмен салыстырғанда жалпы электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі есеге артты, – деді Н. Айтжанов.

Айта кетейік, еліміздегі 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақта тұрғаны мәлім болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ел аумағында 2025 жылы электр энергиясын тұтыну 2024 жылмен салыстырғанда 4,6 млрд кВт/сағатқа немесе 3,8 пайызға артып, 124,6 млрд кВт/сағатты құрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: