Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Экономиканы өркендету үшін кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды

14.10.2024

333 0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқжанов есеп берді. Департамент басшысы қызмет барысында адал бәсекелестікті дамытуға ықпал ететінін, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылап, реттейтінін баса айтты. Сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылау және лицензиялауды жүзеге асыру да осы департамент құзырында.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл басынан бері 16 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғалардың қызмет түрлеріне мониторинг жүргізген.

– Департамент мониторинг жүргізу барысында, кейбір мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз Жарғыға енгізу, монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтады. Осы деректер бойынша жыл басынан бері 6 нұсқама шығарылды. 15 тауар нарығына талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберілді. Кәсіпкерлік субъектілерімен комплаенске қол қою бойынша кездесулер өткізу жұмыстары одан әрі де жалғасын табатын болады, – деді Дамир Жакенұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: