Бейсенбі, 09 мамыр, 04:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Жастарға көрсетілген қолдау

19.09.2023

269 0

Қазір мемлекеттің экономикасын алға қарай дамытып отырған саланың бірі кәсіпкерлік екені жасырын емес. Себебі қандай да бір адам өз ісін ашып, кәсіпкер атанып жатса ол біріншіден, мемлекетке салық төлейді, екіншіден, бірнеше адамды жұмыспен қамтиды. Бұл дегенің тағы бір қырынан қарағанда жұмыссыздық мәселесін азайтудың ең тиімді жолы десе де болғандай.

Сыр өңірінде де шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылған іс аз емес. Соның бірі ретінде жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында берілетін 2,5 пайыздық несиені айтуға болады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Мемлекет басшысының жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында тиісті салалық министрлікпен несиелік шарт жасалған. Соның арқасында Сыр өңіріне 1 млрд 285 млн теңге тартылып, 256 жас кәсіпкер өз кәсібін бастауға мүмкіндік алып отыр.

Аймақта несиеге сұраныс жоғары болуына байланысты биылға республикадан қосымша 1 млрд теңге қаржы тартылды. Нәтижесінде жұмыспен қамтылған халық саны 331,6 мыңнан 333,4 мыңға дейін артып, жұмыспен қамтуға бөлінген қаржы 3,7 есеге (4,1 млрд теңгеден 15,2 млрд теңгеге) өсті. Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде тұрақтап, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4 пайыздан 3,5 пайызға дейін төмендеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік – елдегі жұмыссыздықты азайтудың, саланың елді мекендерде кең қанат жаюының, жеке тұлғалардың күнкөріс деңгейін арттырып, табысын молайтудың бірден-бір жолы. Мұнымен қоса, дамушы мемлекет үшін кәсіпкерлікті өрістету өркениетті елдермен иық тіресуге де мүмкіндік беретін сала. Сол себепті қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлік саласына көмек те, қолдау да аз емес. Біз сөз еткен 2,5 пайыздық несие – көп қолдаудың бірі ғана.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: