Ауыл шаруашылығы жануарларын союды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық талаптарға сай келетін мал сою нысандарында жүзеге асырылатыны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №7-1/370 санды бұйрығымен бекітілген «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру» қағидасында көзделген.
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал сою нысандарына келіп түскенде ветеринар дәрігер, жануарларды сою алдында клиникалық қарап-тексеруден өткізеді, ветеринариялық анықтамадағы ветеринариялық іс шаралар мәліметіне, сырға нөмірі сәйкестігін тексереді және сойылғаннан кейін ұшалар мен ағзаларды ветеринариялық қарап-тексеру нәтижесімен, ұшаға «алдын ала қарап тексеру» таңбасын қойып тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында эпизоотиялық ахуалдын тұрақтылығы туралы рәсімделген ветеринариялық анықтама ұшамен бірге ветеринариялық-санитариялық сараптама актісімен бірге тасымалданады. Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық талаптарға сәйкес келмейтін орындарда (үйлерде, аулаларда, қора-жайларда) союға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою есептік нөмірлері бар мал сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында жүзеге асырылады.
Ветеринариялық талаптарды сақтамаған жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік шара көзделген.
Б.НУРМАНОВ,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қызылорда қалалық
аумақтық инспекциясының бас маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!