Сенбі, 25 сәуiр, 01:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2242)
25.04.2026
PDF мұрағаты

Чернобыль апаты – ғасыр қасіреті

25.04.2026

38 0

Чернобыль атом электр станциясындағы апат – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі ретінде әлем жадында сақталып келеді. Аталған апаттың салдарын жою жолында жанқиярлық танытқан азаматтардың ерлігі – ел тарихындағы өшпес өнеге. Чернобыль апатының орын алғанына 26 сәуірде 40 жыл  толғалы отыр.

Осыған орай облыстық мем­лекет­тік архивінің ұйымдас­тыруымен «Чер­нобыль: Ерлік пен Тағзым» ат­ты еске алу кеші өтті. Онда Чернобыль апатының ардагерлерімен мазмұн­ды әрі та­нымдық кездесу өтті. Сол кезде­суге мен де шақырту алып, өз шы­ғармашылығыммен бөлістім. Іс-шараның негізгі мақсаты – апат сал­дарын жоюға қатысқан азамат­тардың ерлігін ұлықтау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіш­тік пен аза­маттық жауап­кершілік қасиет­терін қалып­тастыру.

Іс-шара барысында Черно­быль апа­тының салдары, оның экологиялық және әлеуметтік әсері туралы кеңінен ақпарат берілді. Ардагерлер сол кезең­дегі қызметтік міндеттерін атқару барысында кездескен қиындықтар мен жауапты сәттер туралы естелік айтты. Олардың әңгімелері  маған және қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, тарихи шындықты тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Кездесуге қатысқан Черно­быль апатының ардагері, көкем Қуаныш Қалмағанбетов – апат салдарын жоюға белсене қаты­сып, өз өмірін қауіпке тігіп, ел алдындағы борышын адал атқар­ған азаматтардың бірі. Оның ерлігі мен табандылығы – кейінгі ұрпақ­қа үлгі болатын жарқын өнеге.

Кездесу барысында жастар ар­да­гер­лерге сұрақ қойып, олардың өмір жолы мен еңбек тәжірибесіне қызығушылық танытты. Бұл өз кезе­гінде ұрпақтар сабақтастығын ны­ғайтып, рухани байланысты арт­тыруға ықпал етті.

Іс-шара соңында ардагерлерге құр­мет көрсетіліп, Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай тағылымды кездесулер ұлт­тық құндылықтарды дәріптеп, тарихи жадымызды жаңғыртуда маңызды рөл атқарады. Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі құр­метке лайық. Олардың жанқиярлық еңбегі ел жадында сақталып, келешек ұрпаққа өнеге болып қала береді.

Еркеназ БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ,

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің 4-сынып оқушысы 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: