Жұма, 01 мамыр, 01:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2244)
01.05.2026
PDF мұрағаты

Еселі еңбектің бағасы

01.05.2026

39 0

Мереке қарсаңында «Өнер» орталығында «Қазақстан – достықтың мекені» атты салтанатты жиын өтті. Мереке мезіретінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Марапат төрінен көрінген қала әкімі Нұржан Ахатовқа «Құрмет» ордені табысталды. Бұл жоғары мемлекеттік марапат – шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлының қала дамуына қосқан еселі еңбегіне берілген баға.

Шыны керек, кейінгі жылдары қала келбеті адам танымастай өзгерді. Қаланың қай саласында болсын, жарқын жобалар жүзеге асуда. Күн сайын көркейіп, құрылысы қарқын алған, өндірісі өркен жайған облыс орталығында ауыз толтырып айтар жетістік аз емес. Бүгінде Қызылордаға келген қонақтардың қала тазалығына тамсанатынын, өзгерістерге қызыға қарайтынын қарапайым тұрғындар да мақтана айтып жүр. Қаланың күн сайын жақсы өзгеріске бет бұрғаны, даму қарқыны әр тұрғынның мақтанышына айналды. 

 Атап айту керек, 2026 жыл сырбойылықтар үшін тарихи оқиғамен басталды. Ұлттық құрылтайдың V отырысы алғашқы ел астанасы болған Сыр өңірінің орталығында өтті. Алқалы жиынға ат терлетіп келген қонақтардың ең алдымен Сырдың бас шаһарының жаңа келбетіне риза болып, таңданысын жасыра алмағаны  бұған дейін жазылды. Шынында, бүгінгі қала бұрынғыға ұқсамайды. Уақыт талабына сай жаңарған, жасарған қаланың бұл жетістігінің артында тынымсыз еңбек бар. Әлемнің қай нүктесінде болсын, қаланың тұрғындар үшін жайлы болғаны маңызды. Бүгінде Сырдың бас шаһары тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы қалаға айналды. Рухани, мәдени орталықтардың көптеп салынуы, демалыс орындарының көбеюі, инфрақұрылымның жақсаруы, қауіпсіз әрі таза ортаға айналғаны – жүйелі жұмыстың нәтижесі.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: