Флоренс Найтингейл — әлемдік медицина тарихында ерекше орын алатын тұлға. Ол мейіргерлік істің негізін қалаушы ретінде танылып, бұл мамандықтың дамуына зор үлес қосты. Оның өмірі мен еңбегі адамға деген жанашырлықтың, жауапкершіліктің және кәсібиліктің жарқын үлгісі болып табылады. Жастайынан ол адамдарға көмектесуді өз өмірінің мақсаты ретінде таңдады. Сол кезеңде мейіргерлік қызмет беделді мамандық саналмағанымен, ол бұл саланы дамытуға бел буып, өз жолынан таймады.
Найтингейл күтім жасау, ауруханалардағы санитарлық жағдайды жақсартуға күш салды. Оның бастамасымен тазалық сақталып, дұрыс күтім ұйымдастырылды. Нәтижесінде науқастар арасындағы өлім-жітім деңгейі едәуір төмендеді. Осы еңбегі үшін ол «Шам ұстаған ханым» деген атқа ие болды.
Оның «Мейіргерлік туралы жазбалар» атты еңбегі мейіргерлер үшін маңызды оқу құралына айналды. Бұл кітапта ол науқастарды дұрыс күту, тазалық сақтау, бөлмені желдету, дұрыс тамақтандыру сияқты маңызды мәселелерді жан-жақты түсіндірді.
Флоренс Найтингейл мейіргерлердің рөлін өте жоғары бағалаған. Оның пікірінше, мейіргер тек дәрігердің көмекшісі ғана емес, науқасқа психологиялық және рухани қолдау көрсететін маңызды тұлға. Ол мейіргерлерден мейірімділік, сабырлылық, ұқыптылық және жауапкершілік сияқты қасиеттерді талап етті.
Қорытындылай келе, Флоренс Найтингейлдің еңбегі медицина саласының дамуына үлкен серпін берді. Ол мейіргерлік істі жаңа деңгейге көтеріп, оның қоғамдағы маңызын арттырды. Бүгінгі таңда оның идеялары мен қағидалары әлем бойынша медицина қызметкерлері үшін маңызды бағыт болып қала береді.
12 мамыр Халықаралық мейіргерлер күні Florence Nightingale туған күніне орай белгіленген. Бұл күн – мейіргерлердің еңбегін бағалап, құрмет көрсететін ерекше мереке. Халықаралық мейіргерлер күні құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс және әрдайым құрмет тілейміз.
Қызылорда облыстық тері-венерология диспансері
Тері-венерология бөлімшесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!