Сенбі, 18 сәуiр, 01:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2240)
18.04.2026
PDF мұрағаты

Коммуналдық сала қызметкерлеріне құрмет

18.04.2026

31 0

Коммуналдық сала – қала тіршілігінің күретамыры. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен шаһардың тұрақты дамуы сала мамандарының тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты. Күннің ыстығы мен суығына қарамастан, санаспай қызмет ететін еңбек адамдары ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов бірқатар сала қызметкерлерін қабылдады. Іс-шара барысында үздік қызметкерлерге шаһар басшысының Алғыс хаттары табысталып, олардың адал еңбегі көпшілікке үлгі ретінде дәріптелді.

Кездесу барысында сөз алған қала әкімінің орынбасары қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

– Қарапайым еңбек адамына құрмет – елдіктің белгісі. Қандай қиын сәттерде де, ауа райының қолайсыз жағдайларында да, апаттық оқиғалар кезінде коммуналдық сала қызметкерлері әрдайым алдыңғы шепте жүреді. Бұл – үлкен жауапкершілік пен табандылықтың көрінісі. Сіздердің жауапкершілік жүгі зор жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін, – деді Арнұр Әлібекұлы.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: