Жексенбі, 23 маусым, 06:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негіздерінің бірі

11.06.2024

265 0

Сурет:egemen.kz

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі. Осының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән беріледі.
Департаментпен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 13.08.2019 жылғы No73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 05.06.2020 жылғы No47 бұйрығымен бекітілген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары негізінде төмендегі 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

  1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру, қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні.
  2. Егер мәміле жасалатын мүліктің биылғы баланстық құны биылғы жыл басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру, қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні;
  3. Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру, қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні;
  4. Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тркеліміне енгізу және одан шығару, оның ішінде:
  • Тіркелімге енгізу бөлігі толығымен автоматтандырылған және өтініш берген сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі – 30 минут;
  • Тіркелімнен шығару бөлігін өтініш берген сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні.
    Департаментпен барлық мемлекеттік қызметтер тек электронды түрде «www.egov.kz электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: