Жұма, 01 мамыр, 01:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2244)
01.05.2026
PDF мұрағаты

Қоныс той қуанышы

01.05.2026

37 0

Қаланың сол жағалауында тұрғын үйлер қатары көбеюде. Атап айтсақ, өткен жылдан бастап шаһарда жаңа дизайнмен 7, 9, 12 қабатты үйлер бой көтеріп, қалаға көрік беріп тұр. Соңғы үш жылда облыс орталығынан 5600 пәтер беріліп, баспаналы болғандар қатары арта түскен.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында сол жағалауда жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үй кеше­ні берілді. Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, оларды қоныс тойымен құттықтады.

– Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы», – деген болатын. Айтулы мереке қарсаңында комфорт плюс санатындағы заманауи, жаңа үлгідегі «Тұран» кешенінің 7 қабатты алғашқы үйін пайдалануға беруге жиналдық. Тұрғын үйді Президентіміздің қолдауымен қаламызда жаңа жылу-электр орталығын салған түрік инвесторы «Акса энерджи Қызылорда» компаниясының қызметкерлеріне салтанатты түрде табыстаудамыз. Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, ішіндегі әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай! Алдағы уақытта да компания ұжымы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған серпінді жобаларды жүзеге асыра береді деп сенеміз. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Қоныстарыңыз құтты болсын! – деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада тұрғын үйді салған мамандар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: