Сейсенбі, 28 сәуiр, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласының бас жоспары» жобасы бойынша Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) есебін қарау туралы хабарландыру

28.04.2026

38 0

Қазақстан Республикасы Эко­логиялық кодексінің 57-бабының талаптарына сәйкес, мемлекеттік әзірлеуші орган «Қызылорда қа­ласының бас жоспары» қала құрылысы жобасына арналған Стратегиялық эколо­гиялық бағалау (СЭБ) есебін қарау процес­інің басталғаны туралы хабарлайды.

СЭБ есебі сапасын бағалау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Эколо­гия және табиғи ресурстар ми­нистрлігіне ұсынылды.

Қарауға стратегиялық эколо­гиялық баға­лаудың мынадай ма­териалдары (бұдан әрі – СЭБ материалдары) ұсынылды: 

• Құжат жобасы: «Қызылорда қаласы­ның бас жоспары» жобасына түсіндірме жазба (негізгі бағыттары және іске асыру мерзімдері). 

• Аумақтың сипаттамасы: Жобаның гра­фикалық материал­дары және схемалары.

• СЭБ бойынша есеп: Бас жоспарды іске асыру кезінде қор­шаған ортаға, халықтың өмірі мен денсаулығына ықтимал елеулі әсерлер туралы ақпарат.

Бас жобалаушы: «Казгипро­град» 1 Жобалау институты ЖШС.

Тапсырыс беруші: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қа­ла­сының сәулет және қала құ­рылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Құжатты әзірлеуге жауапты: Қызыл­орда қаласының әкімдігі.

СЭБ материалдары бойынша қоры­тынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Рес­публикасы Эко­логия және табиғи ресурс­тар министрлігі.

Жұртшылықты қатысуға шақыру

Қазақстан Республикасы заң­намасының талаптарына сәйкес, СЭБ материалдары мүд­делі жұрт­шылықтың қарауына жатады.

Жұртшылықты (барлық аза­маттар мен заңды тұлғаларды) тө­менде аталған мәселелер бойын­ша өз ескертулері мен ұсы­ныстарын білдіруге шақырамыз:

1) жобаны жүзеге асыру қор­шаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) СЭБ өткізу қажет деп са­найсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) Жобаны іске асырудың қор­шаған ор­таға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескер­тулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың жо­балық кезеңін қарастырудың бас­талу және аяқталу мерзімдері:

– бастапқы жыл – 01.01.2024 ж., деректерді 01.01.2026 жылға жағдай бойынша нақтылай оты­рып;

– құрылыстың бірінші кезегі  – 2032 ж;

– есептік мерзім – 2045 ж.

Ескертпелер мен ұсыныс­тарды қабыл­дау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2026 жылғы 28 сәуірден 2026 жылғы 30 ма­мырға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабыл­даудың соң­ғы күні – 2026 жылғы 30 мамыр).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Эко­логия және табиғи ресурстар министрлігі –  Астана қ, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Экологиялық мәде­ниет және саясат департаменті.

Тел.: 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83, 87076173174.

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;  m . kunzhaksina @energo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

– электрондық түрде Эколо­гия министр­лігі Кеңсесінің электрон­дық мекенжайына: k.kense@ecogeo.gov.kz

Құжаттарыңыздың Кеңседе қа­былдан­ғанын міндетті түрде +77172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет;

– e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;  m . kunzhaksina @energo.gov.kz;

– 8 7076173174  «WhatsApp» номеріне.

СЭБ бойынша  материал­дармен қайда танысуға болады?

СЭБ бойынша  материалдар:

1) Экология министрлігінің сайтын­да («Қызмет» бөлімі» «Не­гізгі құжат­тар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

2) Тапсырыс беруші – Қызылорда қаласы әкімдігінің сайтында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: