Ұлттық кітап күні аясында Сыр өңіріне Шымкент қаласынан бір топ белгілі қаламгерлер келіп, Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап және қаламгер» атты кездесу кеші өтті
Рухани кешті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысындағы өкілі Қаршыға Есімсейітова жүргізді. Іс-шараны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы С.Көзейбаев ашып, ақын-жазушылар мен құрметті қонақтарға жылы лебізін білдірді.
Мұнан соң сөз алған жазушы-эколог, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатырұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы филиалының директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Момбек Әбдіәкімұлы, екі өңірдің әдеби, мәдени, рухани, тарихи байланысы туралы сөз қозғаса, белгілі ақын, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты ақын Қатира Жәленова қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман мен автор арасындағы байланысты нығайту туралы пікір білдірді.
Кездесуге қатысқан қаламгерлер өз шығармашылығы туралы, қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы жайында пікірлерін ортаға салды.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!