Жұма, 01 мамыр, 01:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2244)
01.05.2026
PDF мұрағаты

Сырттай оқу форматына өзгеріс енгізіледі

01.05.2026

38 0

Елдегі білім беру жүйесінде соңғы жылдары өзгерістер орын алуда. Көптеген талапкер және екінші жоғары білім алғысы келетін азаматтарды «Сырттай оқу қайта орала ма?» деген сұрақ мазалайтыны анық.

Қазақстанда білім беру жүйесіне қатысты кезекті ауқымды өзгеріс талқыланып жатыр. Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасы аясында білім туралы заң нормаларына енгізілетін түзетулердің бірі – сырттай оқу форматына қатысты заң жобасы.

Жаңа түзетулерге сәйкес, бірқатар нормалардан «сырттай оқу» ұғымы алынып тасталады немесе қайта қаралады. Яғни сырттай білім алудың дәстүрлі моделінен біртіндеп бас тарту үрдісі байқалады. Дегенмен заң жобасы бұрыннан сырттай оқуға түскен азаматтардың құқықтарын сақтайды. Олар оқуын сол форматта аяқтап, тиісті диплом ала алады. Өзгерістер болашақ талапкерлерге қатысты.

Сырттай оқу форматы Қазақстанда ұзақ жылдар бойы қолданыста болды. Ол әсіресе жұмыс істейтін азаматтар, екінші  мамандық алушылар немесе елді мекендерде тұратындар үшін тиімді еді. Алайда соңғы жылдары бұл форматтың сапасына қатысты сын жиі сын айтыла бастады.

Мемлекет білім сапасын арттыру мақсатында оқытудың неғұрлым тиімді және заманауи форматтарына көшуге ұмтылып отыр. Соның бірі – қашықтан оқыту немесе Digital Learning. Бұл сырттай оқуға қарағанда икемдірек әрі заманға сай. Яғни, формальды түрде «сырттай оқу» қысқарғанымен, білім алудың икемді мүмкіндіктері толық жойылмайды, керісінше жаңаша сипат алады.

Дегенмен, бұл реформаның тәуекелдері де жоқ емес. Сырттай оқу көптеген азамат үшін жоғары білім алудың мүмкіндігі. Әсіресе ауылдық жерлерде тұратын немесе күндізгі оқуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін бұл формат тиімді еді. Сарапшылар егер балама механизмдер болмаса білім алуға мүмкіндік азаюы ықтимал екенін айтады. Осыған байланысты қашықтан оқыту сапасын арттыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жұмыс істейтін азаматтар үшін икемді оқу форматтарын сақтау қажеттігі талқылануда.

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: