Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қарақшылар банк клиенттерін аңдып, артынша тонаған

11.06.2021

1019 0

Өскеменде қарақшылар банк клиенттерін аңдып, оларға шабуылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарақшылардың құрбанына айналған қала тұрғындарының бірі 720 мың теңгесін қолды еткен. 

Бейнебақылау камераларындағы бейнежазбалардан қарақшылардың қалай жұмыс істегені анықталды. Маска мен қара киім киген қарақшылар Банктен үлкен көлемде ақша шығарып алған адамды анықтап, оны біраз жерге дейін аңдиды. Артынша адамға төніп, сөмкесі мен ақшасын тартып алады. 

Осылайша олжаға қол жеткізген олар Павлодар облысы арқылы Нұр-Сұлтанға жол тартқан. Қарақшылар елордада ұсталды. 39 және 55 жастағы күдіктілер Астана қаласының тұрғындары болып шықты.

Полицияның мәліметінше, ұрылар тек Павлодарда ғана емес, бүкіл ел бойынша тонау әрекеттерін жасаған.  

“Қарақшылықтың тонау әрекетінің уақыты мен орны алдын ала жоспарланған. Қылмыскерлер адамдар көп болатын жерлер мен қарбалас уақытты таңдағандықтарын мойындады. Ақша жәбірленушілерге қайтарылды, бірақ тонаушылар оның бір бөлігін жұмсап тастаған. Олар өз кінәсін мойындап, Өскемен қаласының полиция бөлімінің уақытша тергеу абақтысына қамалды”, – деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция департаментінің басшысы Андрей Мула. 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: