Сенбі, 27 сәуiр, 00:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жарылыстан адамдар қаза тапты

07.11.2021

711 0

Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды әкім Facebook-те.

ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.  
Төтенше жағдайды жоюға «КӘАҚҚ республикалық орталық штабы» ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 техника) күштері мен құралдары жұмылды.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: