Жұма, 03 мамыр, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

225 отбасы ыстық тамақпен қамтылды

25.01.2023

563 0

Бүгін қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің арнайы баспасөз жиыны өтті. Кездесуде өткен жылы атқарылған жұмыстар жайы баяндалды. Сонымен қатар кездесуде бөлім басшысы Кенжегүл Құрақбаева биыл атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 349 мың тұрғын бар. Халықтың 31 мыңы зейнеткерлер, 10 мыңға жуық мүгедектігі бар жандарды құрайды. Осы санаттағы адамдарға 28 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мәселен, Ұлы Отан және Ауған соғысының ардагерлеріне, Семей ядролық сынақтарына қатысушыларға ай сайын жергілікті бдюжеттен әлеуметтік төлемдер төленіп отыр.

 Жалпы, 2022 жылы Қызылорда қаласында 11 331 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 6698 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы аясында 5732 жаңа жұмыс орны ашылды. «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде 31 жоба арқылы 504 азамат жұмыспен қамтылды. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мақсатында 12 мекемеге 26 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, – деді Кенжегүл Құрақбайқызы.

Ауылдық округтердегі мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алып беруге көмек көрсетілген. Мүгедектігі бар адамдарды ай сайын қаржылық көмек көрсетіп отыр. Сонымен қатар ымдау тілі мамандары еңбегіне орай жалақы төленуде. Арнайы тапсырмамен мүгедектігі бар адамдарға  көмек  көрсетіліп келеді. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар 507 балаға әлеуметтік төлем жүргізіледі. Әлеуметтік тұрғыдан осал 225 отбасы ыстық тамақпен қамтылған.

Басшының сөзіне сүйенсек, осы жылы әлеуметтік топтамаға ие болған 1-6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем ретінде қаржылық көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда қажетті құжаттарды қабылдау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Нұрдәурен ЖӘРДЕМХАН,

Қорқыт ата атындағы ҚУ 4 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: