Дүйсенбі, 07 қазан, 08:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

6 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасына қосылды

24.04.2021

3702 0

Пандемия салдарынан енгізілген шектеулер бизнес өкілдеріне әзірге еркін жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр. Осы мәселені шешу мақсатында Қызылордада «Ashyq» жобасы қолға алынды. Аймақта алғашқы 6 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасына тестік режимде қосылды. «Ashyq» мобильді қосымшасы вирустың таралу қаупін және инфекция жұқтырудың санын азайтады. Сонымен қатар бизнеске карантин шаралары кезінде өз қызметін жалғастыруға және азаматтардың өз үй-жайларында болу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған  мобильді қосымша.

Облыстық кәсіпкерлер пала­та­сының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың айтуынша, жо­баға компьютерлік клуб, «Жібек жолы» кинотеатры, бассейні және  боулинг орталығы қо­сылған.

– Облыстағы қол­даныстағы қаулы бойынша бас­сейндер мен кинотеатрлар уақыт және сыйым­дылыққа қатысты шек­теумен жұмыс жасап тұрған болса, боулинг, компьютерлік клубтарға «Ashyq» жобасына қосылғандарға ғана рұқсат етілген. Кәсіпкер­лердің жобаға деген қызығушы­лығы жоғары. Себебі кей кәсіп­керлік нысандар ертеңгі күні эпид.ахуал күрде­ленген жағдайда да жұмысының тоқтамағанын қалайды. «Ashyq» жобасының негізгі мақсаты да осы – кәсіпкерлерге кедергісіз жұ­мыс жасауға мүмкіндік беру, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.

«Ashyq» – қоғамдық орын­дарға келушілерді тіркеу қо­сымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкім­шіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы COVID-19-ды ба­қы­лау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

Кәсіпкерлер «Ashyq» жоба­сына қатысу үшін арнайы QR-код алады.

Ол үшін кәсіпкер «infoKazahstan.kz» сайтына өтініш беруі керек. Өтініш кәсіпкерлер палатасына түседі және оның жоба шар­тына сәйкестігі тексеріледі. infoKazahstan.kz платформасы QR-кодты әзірлеп шығарады.

Әрі қарай код алып, қосым­шамен жұмыс істеуді үйренеді және 1 апта сынақ режимінде жұмыс істеп көреді.

QR-код бизнес нысандарына ғана беріледі. Бұл нысан атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көр­сетумен элек­тронды иденти­фи­каторды біл­діреді. Бір нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 QR-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіре­беріске жеке   QR-код ілінеді.

Бүгінде осы тәжірибе Оң­түстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданылуда.              

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: