Сенбі, 27 сәуiр, 10:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Әйел-ана – тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры

07.03.2023

573 0

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 8 наурыз мерекесі қарсаңында

«Әйел-ана – тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры» атты мерекелік кеш өтті. Шарада Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов қыз-келіншектерді көктемнің шуақты

мерекесімен құттықтады.

– Ардақты аналар, аяулы арулар, сіздерді және барша қыз-келіншектерді төл мерекелеріңіз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.  Елімізде әйелдер қауымының мемлекет және қоғам өміріндегі орны ерекше. Сіздер экономиканың барлық саласында нәтижелі еңбек етіп келесіздер. Ақыл-парасаттарыңызбен ерік-жігерлеріңіз қоғамды әрдайым алға жетелеп, бейбітшілікпен татулыққа, мәдениет пен сұлулыққа серпін беруде. Бар әлем сіздерді тіршіліктің бастауы, адамзаттың анасы деп құрметтеп, қошамет көрсетеді. Әйел заты – сарқылмайтын күш, тіршілігіміздің қайнар бұлағы. Тағдырдың тезінен қажымай, қиындықтарды жеңе отырып, жан-жағына мейірім шапағатын сыйлайтын барлық адамның қуанышы, әрбір отбасының берекесі, мемлекетіміздің мерейі, – деді қала әкімі.

Мерекелік кеште көпбалалы аналарға «Алтын алқа» табысталды. Сондай-ақ әр саланың үздік қыз-келіншектері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Оның ішінде «Қызылорда тазалығы» мекемесінің тазалықшысы Ардақ Байжанова да бар.

– Бүгінгі концерт тамаша көңіл-күй сыйлады. Есіктен кіргеннен бастап, ерекше ықыласқа бөлендік. Бізге ұсынылған көктемнің алғашқы гүл шоқтарының өзі ғажап қой. Әсем ән тыңдап, көркем би тамашаладық. Еңбегіміз бағаланып, марапат төрінен көрініп жатырмыз. Алғысымыз шексіз,  – дейді Ардақ Маратқызы.

Концертке келген әр қонаққа гүл шоқтары ұсынылды. Сыр өнерпаздары ән шырқап, би билеп аналар мен қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: