Жұма, 12 сәуiр, 19:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2038)
09.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы: Әрбір жоба тиянақты әрі сапалы аяқталуы тиіс

29.05.2022

645 0

Бүгінде Қызылорда өңірінде жақсы жолдардың үлесі 75% құрайды. Биыл межені 82 пайызға көтеру міндеті тұр. Бұл ретте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына қала, аудан көлемінде жүргізілетін жолдар құрылысының сапалы әрі нақты аяқталуын тапсырды. Жобалардың жүзеге асыру барысын саралау үшін аймақ басшысы қаладағы Ж.Бекқожаев пен Төле би көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстарын көріп, мамандармен пікірлесті.

Жолдардың әрқайсысының жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды. Мердігер «Қызылорда жолдары» және «Ақнұр-авто» компаниялары жөндеу жұмыстарын тамызда аяқтамақ.

Облыс әкімі жол салу жұмыстары барысында барлық инженерлік жүйелерді есепке алу қажеттігін және мердігерлер істі тиянақты әрі сапалы аяқтауы тиіс екенін еске салды.

«Жобаларды жүзеге асыру барысында, біріншіден, қажеттігіне, екіншіден, құнына қарайтын боламыз. Биылдың өзінде Қызылорда қаласында жол жөндеуге және салуға 3 млрд. теңге бөлінсе, бюджетті нақтылау барысында осы қаржыны екі есе арттыруды көздеп отырмыз», – дедіоблыс әкімі.

Айта кетейік, өңірде биыл ұзындығы 342 шақырым жол желісін жөндеуден өткізу жоспарда бар.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: