Жұма, 26 сәуiр, 22:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы көпбалалы отбасыларға жаңа пәтердің кілтін табыстады

02.06.2022

1281 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Балалар жылы» аясында көпбалалы отбасыларға Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан 50 пәтерлік жаңа үйдің кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өткені белгілі. Соған сай өңірімізде тұрғын үй құрылысына басымдық беріліп, баспана мәселесін шешу батыл қадамның біріне айналды.

Міне, бүгін Балалар жылы аясында Қызылордада жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, көпбалалы отбасылардың қуанышына ортақтасып отырмыз. Балаларымыз жаңа үйге шаттана кіріп, ішін бақытқа толтырсын деп тілеймін! Қоныс тойларыңыз құтты болсын!, – деді Н.Нәлібаев.

Шарада мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов жиналған қауымға батасын берді.

Сонымен қатар аймақ басшысы көпбалалы отбасы Сейтжаппаровтар әулетіне арнайы барып, жаңа қонысқа бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Сыр өңірінде 30 жыл ішінде 8 млн.шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылдың өзінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданы 95 мың шаршы метр, 1294 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Жыл аяғына дейін 1244 пәтерді құрайтын 30 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: