Сәрсенбі, 06 қараша, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Алтын бесік Қызылордам

18.10.2022

1176 0

Сыр елі өсірді мол күрішті,

Күріші берекесі мен ырысы.

Қазағымның ақындары әйгілі,

«Сыр елі» деп жазады жыр күшті.

Қызылордам, ғажап қалам, көріктісің,

Тауыса алмас сөзбен айтып көріктісін.

Қызылордам, мен өзіңе тамсанамын,

Өзің үшін шын жүрекпен ән саламын.

Өз елімді шын жүрекпен сүйемін,

Өзің үшін от пен суға күйемін.

Көркемсің, мәңгі мақтан етіп жүретін,

Туған жерім, сенсің менің тірегім.

Алтын бесік Қызылордам, кең едің,

Жәннатына жер дүниенің теңедім.

Жасыл желек, гүлге орансын даламыз,

Жылдан-жылға көркейсінші қаламыз.

Айбол БАУЫРЖАНҰЛЫ,

№7 мектеп-лицейдің оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: