Жексенбі, 05 мамыр, 08:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Алтыншы мәрте өткізілген байқау

03.10.2023

393 0

Қала күніне орай дәстүрлі «Үздік аула» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ауланы жасыл-желекке айналдырып қана қоймай,  қала тұрғындарын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып келеді.  Бұл байқау 2018 жылдан бастап қолға алынған.

Биыл «Үздік аула» байқауы алтыншы мәрте өткізілді. Оған 16 аула қатысуға өтінім білдірген.

Жалпы ауланы көгалдандыру жұмысын көпқабатты үйдің тұрғындары қолға алған. Оның ішінде байқаудың жеңімпазы атанған «Астана-1» мөлтек ауданындағы №1 үйдің ауласы. Ол  комиссия шешімімен  ауланы сәнді безендіру бойынша көп дауысқа ие болған.

Ал ІІ орынды Жаппасбай батыр көшесіндегі 8 үй тұрғыны көршілерге арнап, ауласынан демалыс орнын ұйымдастыру арқылы жеңімпаз атанған.

Байқау бойынша ІІІ орынды сол жағалаудың жаңа мөлтек ауданындағы 3 жылдық еңбегінің нәтижесінде №22 тұрғын үй жеңіп алды.

Көршілердің ауызбіршілігі үзілмеген Әбдірахманов көшесіндегі №19 үй «Бірлігі жарасқан аула» аталымын алса, Тоқтыбаев көшесіндегі №10 жеке тұрғын үй 10 жыл ішінде әртүрлі жеміс ағаштарын егумен қатар көше бетті көгалдандыру арқылы «Жасыл-желекті аула» аталымын алған. Ауланы көгалдандыру жұмыстарына балаларды араластыру арқылы еңбекке баулу үшін Жаппасбай батыр көшесіндегі №5 үй тұрғынына «Еңбекке баулыған үлгілі аула» аталымы бұйырған.

Айта кетейік, байқаудың «Үздік аула – 2023» тақтайшасы жеңімпаз атанған тұрғын үйдің ауласына ілінген. Одан бөлек қаланың тазалығын қамтамасыз етуде тынбай еңбек еткен тазалық қызметкерлері марапатталып, қала әкімінің алғысы мен қаржылай сыйақысы табысталды.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: