Сейсенбі, 14 мамыр, 00:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Астанадағы өрт: Тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес берілді

19.06.2023

1211 0

Астана қаласының әкімдігі тұрғындарға құрғақ шөптің өртенуіне байланысты далаға шықпауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құрғақ шөптің өртенуі 19 маусымда Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласының айналма жолында басталған.

“Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты”, – делінген әкімдік хабарламасында. 

Ресми деректерге сәйкес қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіріп жатыр. Жалынмен күресу үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Астана маңында өрт шыққаны туралы хабарлаған едік. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: