Сенбі, 20 сәуiр, 04:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Автобус неге азайды?

17.11.2021

1187 0

Бүгінде қоғамдық көлік мәселесі күн тәртібінен түспейтін тақырыпқа айналды. Бұл саладағы жаңашылдық пен өзгерістер туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Мейірхан Бақытжанұлы мен «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов брифинг барысында баяндады.

Бүгінде Қызылорда қаласында 25 қалішілік және 8 қала маңындағы бағыттарға 400-ге жуық қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар автопарк №25 және «Ягодка» саяжайының тұрғындарын тасымалмен қамтып отыр. Бұл бағытта күнделікті 3 автбус шығады.

– Қаладағы қоғамдық көліктің 5 бағыты бойынша 2020 жылы электрондық билет енді. Жыл басынан бері сараланған тариф бойынша электронды түрде төлем 85 теңге, қолма-қол 90 теңге болып бекітілді. Бүгінде автопарк «ALEVPAY» жүйесі арқылы жұмыс істеуде. Сонымен қатар жылжымалы құрамның бағыттағы қозғалысын қадағалап отыру үшін GPS құрылғысымен қамтамасыз етілді. Қазір жолақыны қала тұрғындарының 70 проценті электронды жүйемен төлейді. Бір өкініштісі 48 автобус күрделі жөндеуді қажет етеді. Соның салдарынан 5 бағыт бойынша қатынайтын үлкен сыйымдылықтағы автобустар саны азайып отыр, – деді Қанат Рахметов.

Ал Мейірхан Бақытжанұлының айтуынша, қазір қоғамдық көліктер аралық жүру уақыты мен кешкі мезгілде ерте тоқтау мәселесін ретке келтіруге күш салуда. Бір қуантарлығы, келесі жылдан бастап жеке қоғамдық көліктерге де мемлекет тарапынан қаржылай көмек берілмек. Бұл ұсыныс қолдау тапса, алдағы уақытта жеке тасымалдаушыға да қойылар талап күшеймек.

Бүгінде Қызылорда қаласы көлеміндегі бағыттардың жол сызбасы қайта дайындалды. Ондағы басты мақсат – қаланың Белкөл кентінің екінші жақ беті, «Бәйтерек», «Саяхат» шағын аудандары, қалаға қарасты «ПМК-29», «ПМК-66», «Сабалақ», «Ягодка», «Пищевик» саяжайларын қоғамдық көлікпен қамту.

– Қазіргі кезде автопарк теңгеріміндегі 135 автобустың 112-не электрондық төлем жүйесі орнатылды. 2020-2021 жылы қалаішілік және қала аумағына қатынайтын жекеменшік қоғамдық көліктерге байқау жарияланды. Аталған жобада жеңімпаз атанған мекемелерде электронды төлем жүйесін орнату үшін, «QazSmartTrans» ЖШС мекемесімен келісім шартқа отырып, автобустарды қажет жабдықтармен қамтуға кірісті, – деді М.Бақытжанұлы.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері сала мамандарына көкейде жүрген сауалдарды қойып, оған тұщымды жауап алғандай болды.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: