Жұма, 03 мамыр, 07:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Автобустар тағы да көбейді

19.11.2022

450 0

Көптің көкейіндегі мәселенің бірі қоғамдық көлік екені рас. Себебі маршрут мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Қоғамдық көлік мәселесін шешу және халық сұранысына сай қызмет сапасын арттыру мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда Автобус паркіне» қосымша үлкен сыйымдылықтағы заманауи автобустар алдыру жөнін­де тапсырма берген болатын.

«Қызылорда Автобус паркі» ЖШС жарғылық капиталын ұл­ғайту мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке 150 автобус алуды көздеген. Соның нәтижесінде қаламыздағы қоғамдық көлік қатары жаңа авто­бустармен толығуда. Жақында үл­кен сыйымдылықтағы автобустар қатары 42 көлікпен толықты.

Тұрғындарды қуанышты сәт­пен қала әкімі Асылбек Шәменов құттықтады. Шаһар бас­шысы қо­ғамдық көліктер қызыл­орда­лық­тардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттылған маңызды қадам екенін атап өтті.

– Қала тұрғындарының қоғам­дық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қаты­на­сын дамыту ешқашан назардан түскен емес. Республика күні қарсаңында 40 автобус қала­ішілік бағыттарға қосылса, бүгін қала тынысына серпін берген, экологиялық таза, ең бастысы мүгедектігі бар азаматтарға қо­лайлы автобустардың екінші легі, яғни 42 данасы келіп, игі іс жалғасын тауып отыр. Соңғы үлгідегі заманауи автобустар жаңа­дан қосылған №19 және №20 бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдайтын болады. Жыл соңына дейін қалған автобустар әкелініп, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жоба нақты жемісін береді, – деді қала әкімі.

А.АЙТЖАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: