Сенбі, 20 сәуiр, 18:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары

17.11.2022

821 0

Статистикаға сүйенсек, Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдері қаңтар-қазан айларында 11808,6 млн. теңгені құрап, өнім көлемінің индексі 98,1 пайызға жеткен.

 Шаһарда биыл 9036 гектарға егіс егілген. Оның 4082 гектарына дәнді, 70 гектарына майлы, 2061 гектарына мал азықтық дақылдар егілсе, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2823 гектарды құраған. Ал негізгі дақыл саналатын сыр күріш дақылының көлемі 3406 гектар.

 Осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары былтырға қарағанда 131 гектарға артық егіліпті. Нәтижесінде жаздық бидайдан 442 тонна, қант құмайынан 355 тонна, күріштен 16905,9 тонна, картоптан 6438,4 тонна өнім жиналған. Бұл әрине, жергілікті диқаншылардың ерен еңбегінің жемісі.

    Сондай-ақ, мал шаруашылығы бағытында соңғы 9 айда 27 448 бас мүйізді ірі қара, 31 331 бас қой мен ешкі, 12618 бас жылқы, 2725 бас түйе, 15059 бас құс өсірілген. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда мал басының өсімі байқалады. Мәселен, мүйізді ірі қара – 9,1 пайызға, қой мен ешкі – 14,3 пайызға, жылқы – 28,3 пайызға, түйе –15 пайызға,  құс – 1,8 пайызға артқан. Ал өнім өндірісі бойынша ет – 2,4 пайызға, сүт – 0,8 пайызға, жұмыртқа – 3,3 пайызға өскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: