Дүйсенбі, 17 маусым, 15:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Ауыз су сапасы бақылауда

16.01.2024

632 0

Фото: ОСЭБД

Қызылорда облысының халқына берілетін ауыз сумен жабдықтаудың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.

Ауыз судың эпидемияға қатысты қауіпсіздігі оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша нормативтерге сәйкес келуімен айқындалады.

Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98,9 %, орталықтандырылмаған сумен 1%, тасымалды ауыз сумен 0,1%  қамтамасыз етілген. Жалпы облыс  бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде 182-сіорталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 23-і  орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.

2023 жылы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде микробиологиялық көрсеткіштерге 2675ауыз су сынамасы алынып, оның 0,7%талаптарға сәйкес келмеді. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 2531 ауыз су сынамасы алынып, оның 2,8%-ненсәйкессіздік анықталды. Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік құрғақ қалдық, хлоридтер бойынша  нормадан жоғары анықталды.

Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: