Жұма, 26 сәуiр, 18:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Баға бағамнан аспасын

30.08.2022

1084 0

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы – басты назарда. Бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Бірақ бақылауға алған баға тұрақтанды ма?

Осыған орай аймақтағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары қоры мен бағасын білу үшін өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық ауыл шаруашылығы және жер қаты­настары басқармасымен бірлесіп, көшпелі баспасөз турын өткізді.

Сыр өңірінде бағаны тұрақтанды­ру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Өнім қорын қа­лыптастыру үшін облыстық бюджет­тен соңғы үш жылда 3,9 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі  кезде 796,4 тонна өнім тұрақтандыру қорында болса, 5,9 мың тонна өнімге шарт жасалған. Айна­лым схемасы аясында 20 келісім шарт негізінде 1 143 млн теңге қаржы кәсіпкерлерге қарыз ретінде берілген. Қазір ол өнімдер 38 әлеуметтік дүкен арқылы және облыс орталығының 17 ірі сауда үйінің әлеуметтік бұрыштары арқылы сатылуда.

Көшпелі брифинг барысында «Байқоңыр» ӘКК Тұрақтандыру қо­ры­ның жұмыс жөніндегі басқарма бас­шысы Талғат Бекішев «Алтын қамба» АӨК ЖШС көкөніс сақтау қоймасындағы тауар қорын көрсетті. Одан кейін БАҚ өкілдері әлеуметтік дүкендерді аралап, ондағы тауар бағасымен танысты.

Қазір облыс тұрғындарын көкөніс­пен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше келісім шарт жасалған. Нәти­жесінде өңірлік тұрақтандыру қорына барлығы 1000 тонна картоп, 100 тон­на сәбіз, 100 тонна қырыққабат сатып алынуда. Сондай-ақ қант баға­сын тұрақтандыру мақсатында өңірге тікелей Көксу қант зауытынан және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы қант жеткізу бойынша жұмыс жолға қойылды.

Бүгінде облыста 529,3 тонна қант қоры бар. Сонымен қатар нан бағасын арзандату мақсатында азық-түлік корпорациясы  арқылы 7 айға 14317 тонна астық бөлінді. Бүгінде оның 12 143,8 тоннасы сатып алынған. Осыған орай ұн арзан бағамен аймақтағы 51 ірі наубайханаға бөлке нанды тө­мендетілген бағада сату үшін мақсатты түрде берілуде.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: