Сейсенбі, 16 шiлде, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Балаларға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

28.04.2023

686 0

Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, топтық төбелес, буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық түсіндірме жұмыстары» тақырыбында сала мамандарымен кездесу болып өтті.

Мақсаты: тәрбиеленушілерге құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық туралы мәліметтер беру, кибербуллинг, буллинг ұғымы, оның шығу тарихы, адамға әсер ету жолдары, кибершабуылдан қорғану механизмдері жайында ақпараттар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Кездесуге Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Н.Баймурзаев пен инспектор психологы, әділет майоры Г. Жылқаманова, ҚПБ ЖПБ ЮПИ аймақтық инспектор А. Төребек, Облыстық Жастар Ресурстық орталығының психолог маманы Г. Нетбаева қатысып, қазіргі қоғамда орын алып жатқан түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтардан сақтану, алдын алу, қылмыстық фактілерін мысалға келтіре отырып, тәрбиеленушілерге тәртіпті болу, жақсы білім алу қажеттігін түсіндірді.

Кездесу соңында тәрбиеленушілермен пікір алмасып, интернаттың тыныс-тіршілігімен танысты.Тәрбиеленушілер керемет көңіл күйде болып, ыстық ықыластарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: