Сәрсенбі, 01 мамыр, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Баланың жазғы демалысын қалай дұрыс ұйымдастыру керек?

17.06.2023

817 0

Қас  қағым сәтте жаз  келіп жетті. Жаз мезгілі –  балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Жаз маусымы басталысымен  оқушы қауымның арманына арқау болатын демалыс орындары да есіктерін айқара ашады. Жаз болса мәз болатын балалар үш ай бойы не істейді? Сол баяғы  телефон мен компьютерге жіпсіз байланып отырмау үшін не істеу керек?

Біз өз кезегінде  педагог-психолог    Гүлназ Пірмантаеваны әңгімеге тартқан  едік…

Психолог бала үшін ең жақсы демалыс ата-анамен бірге тыныққан уақыт екенін алға тартты.

Балалардың ата-анамен бірге уақыт өткізуі бала үшін де, ата-ана үшін де пайдалы. Себебі бала ата-ана жанында өзін еркін сезінеді. Міне, осындай жан мен тәннің бірге демалу кезеңінде жанындағы жақын жан­дар баланың сол сәттегі сезімі мен қуанышына ортақ болып, демалысы және ойындары жайлы пікірлері мен ойларына бірлесе отырып оң көзқарасын көрсетіп қолдау білдірсе, бұл бала үшін ең керемет психикалық және физикалық демалыс болады. Демалыс орны мен уақытын белгі­леуде, ойын түрін таңдауда баланың ой-пікірін тыңдау да аса маңызды, – дейді Гүлназ Өмірсерікқызы.

Маман ата-ана баламен бірлесіп жазғы демалыс уақытына жоспар құрып, күнделікке жоспарын толық жазып шығуын ұйымдастыру қажет  деген де пікір айтты.

Адамның түпсанасы өз қолымен жа­зылған дүниені өзіне тапсырма есебін­де қабылдайды. Құрылған жоспар әртүрлі жағдаятқа байланысты толығымен орын­далмауы да мүмкін. Ол үшін аса қорқудың қажеті жоқ. Негізгісі, баланың ойыңда аталған жазғы демалыс уақыты үшін жауакершілік тұрады. Сонымен қатар бұл жоспарда баланың ұялы телефон, компьютер, планшеттерде отыратын ар­найы уақыты кесте бойынша көрсетіледі. Мінекей, түпсана сол белгіленген уақытқа дейін интернет әлеміне отыра алмайтыны жайлы ақпаратты балаға күнделіктегі жоспар бойынша дыбыс арқылы қа­лыптастыруға көмек береді.

Психолог бала мен ата-ананың ұзақ мерзім бір-бірінен алыста болуы бала тәрбиесіне кері әсерін беруі мүмкін деген көзқарастағы ата-аналарға да кеңесін айтты.

– Маман ретінде пікір білдіретін бол­сам, әрине, шектен тыс ұзақ мерзім ата-ана­сынан алыста болуы ең бірінші тұрғыда бала­ның  психолосоматикасына кері әсерін береді. Себебі бала жас, өзінің ата-анасына сағыныш сезімін жеткізуге батылы жетпеуі немесе қорқуы мүмкін.  Балаларда  бала  өміріндегі шешім­дерді үлкендер ғана қабылдауы тиіс деген ұғым да болады.

Мінекей, осы ұғыммен бала өзіне ұна­майтын жағдаятты амалсыз қабыл­дайтын сәт те де  кездеседі.

Сондықтан баланың ата-анасынан жы­рақта болу уақытына шекті мөлшер болуы керек деп санаймын, – дейді педагог-психолог.

Венера НҰРҒАЛИ,

Қорқыт ата атындағы университетінің

1-курс студенті                                                                                                                          

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: