Жұма, 19 сәуiр, 20:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Базар аумағына вакцина алмағандар кірмейді»

04.05.2021

4195 0

«Базар аумағына вакцина алмағандар кірмейді» деген ақпарат жалған.

Құрметті қызылордалықтар!

Қазіргі күні екпе егу жұмыстары үшін қалалық емханалар жанынан жылжымалы топтар құрылған. Осындай мобильді топтың бірі бүгін «Қорқыт Ата» сауда орталығында екпе егу жұмыстарын жүргізді.

Аталған екпе егу жұмыстары ерікті түрде жүргізілуде. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Алдымен екпе алушының денсаулық жағдайы міндетті түрде тексеріледі.

Сонымен қатар, «Сұлтан» сауда орнында орын алған түсініспеушілік базар басшылығымен дереу назарға алынды. Қазіргі таңда сатып алушылардың еркін сауда жасауына барлық мүмкіндіктер бар, «Вакцина алмағандар кірмейді» деген ақпараттың жалған екендігін жеткіземіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: