Бейсенбі, 28 наурыз, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Белкөлде белсенді тірлік байқалады

16.02.2023

358 0

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте Белкөл кентінің әкімі Жасұлан Сәду 2022 жылы Белкөл кентінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Өткен жылы Белкөл кентінде халықтың сұранысына орай темір жол өткелі арқылы жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы бастау алып, Бірқазан елдімекенінде аяқ су ұңғымасы жүргізілді. Сонымен қатар, К.Әбдіқадыров көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылып, жаңадан спорт алаңы бой көтерді.

– Кенттің инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстарды қолға алудамыз. Мәселен, биыл кенттегі Орталық көшеге және Бірлік көшесінің мектепке дейінгі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынбақ. Ал, Жерұйық, Путейцев тұйығы, Әбдіқадыров №4, №2, №6, №9 көшелеріне қиыршық тас төселіп, Сарыарқа және Путейская көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізілетін болады, – деді кент әкімі.

Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында кентте 132,8 млн. теңге көлеміндегі 13 жоба мақұлданса, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бардарламасының қайтарымсыз қаражаты есебінен жалпы құны 24 млн. теңгені құрайтын 20 жоба грантқа қол жеткізді. Соның нәтижесінде, кентте өткен жылдың өзінде жаңадан 124 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 135 тұрақты жұмыс орны ашылды.Мәселен, «Бір ауылға – бір жылыжай» жобасы аясында «Азимут-Сервис» ЖШС-і «Өңірлік инвестициялық орталық» микроқаржы ұйымы арқылы алған 6 млн. теңгеге жылыжай құрылысын жүргізіп, қазіргі таңда алғашқы өнімдерін алуда. Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер «Сауенова» спорт кешені жанынан кіші футбол алаңы құрылысын жүргізді.

Бұдан бөлек, «Марал Нұр» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен кентте жолаушылар вагондарын жөндеу депосының құрылысы жүргізілуде. Жобаны 2023-2024 жылдары аяқтап, 300-400 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Мұрат Нұрсаитов өз қаражаты есебінен құны 200 млн. теңгені құрайтын «Құран жаттау» орталығын ашқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: