Сенбі, 27 сәуiр, 04:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Белкөлдің бүгінгі жайы қалай?

25.11.2022

577 0

Белкөл кенті мен Бірқазан елді мекенінде 4749 тұрғын бар. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 2236 адам. Сондай-ақ кенттегі жұмыспен қамтылғандар саны – 1731 адам. 505 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Одан бөлек кенттің 324 тұрғыны зейнеткер болса, 11 адам жұмыссыз.

2022 жылдың 10 айында кент тұрғындарының жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру арқылы 22 адам қоғамдық ақылы жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар жыл басынан бері жастар тәжірбиесі арқылы 3 азамат жұмыс жасап, 2 азаматқа өтінім берілген.

Міне, осы тұрғындардың тұрмысын жайлы қылу және сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында кенттегі инфрақұрылым ілгерілеп келеді. Мәселен, биыл Әбдіқадыров №3 көшесіне түнгі жарық бағаналарын орнату үшін жергілікті бюджеттен 2,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Белкөл кентіндегі К.Әбдіқадыров көшесіне демеушілер арқылы балалар ойын алаңы салынды. Асфальт төсеуге байланысты Әбдіқадыров №4 көшесіне 20,1 млн теңге, Жерұйық көшесіне 19,8 млн теңге, Сарыарқа көшесіне 21,1 млн теңге, Путейцев көшесіне 26,5 млн теңге, Әбдіқадыров №2 көшесіне 13,0 млн. теңге және Бірқазан елді-мекеніндегі Орталық көшеге 14,8 млн. теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.

Белкөл кентінде Теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу үшін облыстық бюджеттен 251 млн. теңге қаражат бөлініп, мердігер мекеме «Голден Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 225,2 млн. теңгеге жеңімпаз атанып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жоспар бойынша жаяу жүргіншілер көпірі биылғы жылы пайдалануға берілмек.

Кент тұрғындары толықтай электр энергиясымен қамтылған. Кентте 5 дана электр трансформаторы орнатылған. Ондағы электр желісінің жалпы ұзындығы 15,8 шақырымды құрайды. 8 көше (9137м) түнгі жарықпен жарықтандырылып, жыл көлемінде жанып тұруы мен күтіп ұстауға қалалық бюджеттен 7,5 млн. теңге бөлінген. Ал Бірқазан елді мекеніне түңгі жарық бағаналарын орнатуға жоба-сметалық құжаттамалыр әзірленіп, 11,6 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған.

Кенттегі 369 пәтері бар төрт көпқабатты тұрғын үй, мектеп, балабақша және интернат орталықтандырылған жылу жүйесімен және табиғи газбен қамтылған.

Білім саласына жағдай жасау − басты міндет

Жалпы Белкөл кентіндегі ауыз су құбырының ұзындығы 20,2 шақырымжы құрайда. Кент «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз сумен 100 пайыз қамтылған. Ал кенттегі жалпы жолдың ұзындығы 17,2 шақырым. Оның ішінде 10456 метр жол асфальттанған болса, 6750 метр қара жол бар.

Белкөл кентіндегі №189 орта мектеп 1995 жылы пайдалануға берілген. Мұнда екі ауысымда барлығы 784 оқушы білім алады. Мектепте 21 сынып жиынтықтары бар және 3 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Ал 2013 жылы пайдалануға берілген №145 орта мектепте бір ауысымда 64 оқушы білім алады. Бұл білім ордасында 11 сынып жиынтықтары бар және 1 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ауылдық округте «Балапан» бөбекжай балабақшасы және «Ғазиза» жеке балабақшасы кенттің кішкентай тұрғындарына қызмет етеді. «Балапан» бөбекжай балабақшасында 160 бала тәрбиеленсе, «Ғазиза» жеке балабақшасында  22 бала тәлім алуда.

Одан бөлек мәдени-ағарту саласын дамыту мақсатында кентте 1 ауылдық клуб үйі және 1 кітапхана жұмыс істейді. Ауылдық клубта көркем сөз оқу, ән айту,  әжелер ансамблі, атамұра дәстүрлі ән үйірмесі  атты 4 үйірме ұйымдастырылған. Кент клубы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланған 25 мәдени көпшілік іс-шарасын өткізді.

Сонымен қатар, «Әл-Әзиз» оқу орталығында 35 оқушы үйірмеге қатысады. Мұнда «Қарлығаш» хор үйірмесінде 25 оқушы, вокал үйірмесінде 10 оқушы тәлім алады.

Белкөлде бұқаралық спорт түрлері жақсы дамып келеді. Бұл үшін кентте 3 ойын алаңы, 1 футбол алаңы  және тұрғындарға арналған 1 жаттығу орны бар. Ал Бірқазан елді мекенінде 1 футбол алаңы спортсүйер қауымға қызмет етіп, салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, 2019 жылы жеке кәсіпкер Руслан Алматов мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, спорт кешенін салған болатын. Қазіргі таңда кәсіпкердің спорт кешенінде  спорттың еркін күрес, джио джитсу, қазақша күрес, дзюдо, каратэ, үстел теннисі, шахмат және тағы басқа түрімен 250-ге жуық бала шұғылданады.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: