Жұма, 03 мамыр, 21:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Биыл Қызылорда қаласында құрылысқа 18 348,7 млн теңге бөлінді

17.11.2022

653 0

2022 жылдың аяқталуы да жақын. Бұл жыл Қызылорда қаласы үшін жемісті болды деуге негіз бар. Әсіресе биыл құрылыс саласы қарқынды дамып, облыс орталығында маңызы жоғары нысандардың іргетасы қаланды. Міне, осыған орай қалада 9 айдың көлемінде атқарылған жұмыстар туралы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуармен сұхбат құрдық.

Айдын Серікұлы, жалпы биыл Қызылорда қаласында құрылыс саласына қанша қаржы бөлінді?

Биыл құрылыс жобаларын салуға 18 348,7 млн теңге бөлінді. Оның  209,0 млн теңгесі республикалық бюджеттен болса, 11 139,7 млн теңгесі жергілікті бюджеттен. Соның ішінде тұрғын үй құрылысына 8 070,1 млн теңге, инженерлік жүйелер жүргізуге 3 653,9 млн теңге, сумен жабдықтауға 2 239,8 млн теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарауылтөбе, Талсуат ауылдық окруктерінде 150 орынды клуб құрылыстарын салуға 574,2 млн теңге, газ жүйесін жүргізуге 2 664,3 млн теңге, пәтер сатып алуға 1 100,9 млн теңге, мемлекеттік органдардың объектілерін дамытуға 6,9 млн теңге, әлеуметтік қамтамасыз ету объектілеріне 13,6 млн теңге және қаланы абаттандыруға 24,9 млн.теңге қаржы бөлінді.

– Тұрғын үй құрылысы қалай жүргізілуде?

 «Тұрғын үй құрылысын салу» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға 2021 жылы басталған СПМК-70/2 тұрғын кварталында 50 пәтерлік он ипотекалық тұрғын үй құрылысы аяқталады. Жыл соңында пайдалануға  жалпы көлемі 33 615 шаршы метрді құрайтын 500 пәтер беріледі. Сонымен қатар Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 тұрғын кварталында 50 пәтерлік №34 тұрғын үй құрылысы кезекте тұрған отбасыларға беріледі, оның көлемі 3189,5 шаршы метр. 2022 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында  №2 шағын ауданында жоба құны 8,5 млрд теңгені құрайтын ипотекалық 10 тұрғын үй құрылыс жұмысын бастауға облыстық ішкі көздері кредиттер есебінен 3 149 066,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні мердігер мекемелері де анықталды. Құрылыс жұмыстары аяқталса жалпы көлемі 29 907,2  шаршы метрді құрайтын 470 пәтер пайдалануға беріледі.

– Қаладағы инженерлік, коммуникациялық инфрақұрылымның дамуы туралы айтып өтсеңіз?

– «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы аясында 3 653,9 млн теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде «әл-Фараби ауданына су құбыры желілері» жобасына барлығы 240,6 млн теңге қаржыға 16,5 шақырым ауыз су құбыры атқарылады. «Қызылорда қаласы Талдыарал елді мекеніне электр желісі құрылысы» жобасы аясында 43,1 млн теңге қаржыға 7,5 шақырым электр желісі тартылады. Одан бөлек «Бәйтерек тұрғын ауданына ұңғымалар бұрғылаумен су жинағыш салу» жобасына 1 060,1 млн теңге қаржы бөлініп конкурс өтуде.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен 1 260,3 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға СПМК-70 мөлтек ауданындағы «Болашақ баубақша» (3,8км), Орбита аумағына (2,4км), Тасбөгет кентіне (25,1км), Эдельвейс аумағына (4,6км), Арай-Шұғыла аумағына (9,2км),  Ақжарма ауылдық округіне (48,8км), Еңбек аумағына (7,2км), Сабалақ аумағына (27,6км) құрайтын барлығы 128,7 км электр жүйесі жүргізілмек. Ал облыстық бюджеттен Қызылжарма ауылдық округінде 35 көшеге малтатас төсеу жұмыстарын бастауға 190,0 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары басталды. Жоба құны 1 531,6 млн.теңгені құрайды.

– Қаланы сумен жабдықтау үшін құрылыс бөлімінің атқарар жұмыс қандай?

– «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында 2 239,7 млн теңге қаржы бөлініп, 7 жоба іске асырылады. Атап айтқанда «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың текше метр биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру» жобасын бастауға 1 000,0 млн теңге, «Кыдыров көшесі, Сахи Романов көшесі бойында №12 «Червякова» КСС-ден Шымбай-Сахи Романов көшелерінің қиылысындағы КП-ге дейін қысымдық кәрізді реконструкциялау» жобасына 583,4 млн теңге қаржы бөлінді. 

Одан бөлек «Шанхай, Оңтүстік аудандардағы және Тәжібаев көшесінің, Бостандық көшесінің бойындағы су құбыры және кәріз желілерін реконструкциялау» жұмыс жобасы аясында 363,3 млн теңге қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін тәуліктің су шығыны, м3 – 21,8; су шығыны, м3/сағ – 856,8; ағын су шығыны, м3/сағ – 115,28 жұмыстары атқарылады. Қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Ал «Мұратбаев атындағы орталық стадион, «Евразия» спорткомплексі, «Сейхун» институтының су құбыры желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына 53,2 млн.теңге қаржы бөлініп, жаңғырту жұмыстары аяқталды. «Әбілхаир хан-Желтоқсан көшесі бұрышы Желтосан көшесінен КК-ға, Желтоқсан көшесі №34 темір жол, Қорқыт ата көшесі №15а темір жолдан КК-37 ішкі кварталына дейінгі өздігінен ағатын кәріз жүйесін қайта жаңғырту» жұмысына 36,6 млн теңге қаржы бөлінген.

– Екі ауылдық округте мәдениет үйі салынады дедіңіз…

– Иә, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту» бағдарламасы бойынша биыл барлығы 574,2 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға Талсуат және Қарауылтөбе ауылдық окруктерінде 150 орындық клуб құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеме ретінде «Өмірзақ» ЖШС танылды.

– Әлеуметтік маңызы зор жұмыстар қатарын атап өтсеңіз?

– Тасбөгет кентіндегі Баймағанбетов көшесінде орналасқан «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа» монша салынады. Құрылысқа қалалық бюджеттен 13,6 млн.теңге бөлінді. Одан бөлек «Тұрғын үй құрылысын сатып алу» бағдарламасы аясында биылғы жылдың шілде айында облыстық бюджеттен авариялық кезекте тұрған отбасыларға әзірге 1 093 750,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімі тарапынан Қызылорда қаласында 100 пәтер сатып алуға конкурс өтуде.

− Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: