Сәрсенбі, 13 қараша, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Бұқара базынасы орындалуы тиіс

27.08.2022

1037 0

Қала әкімі Асылбек Шәменов кездесу кестесіне сәйкес «Шұғыла» шағын ауданында жұртшылықпен жүздесіп, тұрғындардың түйткілді мәселелерін тыңдады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес сіздермен кездесуге келіп тұрмын. Қандай да бір ұсыныстарыңыз болса, тыңдауға әзірмін. Бұған дейін бір мәрте жолығып, айтылған ескертпе-ұсыныс, тілектеріңіз бойынша қазіргі таңда жоспарлау жүргізілуде. Бұқара базынасы билік тарапынан бірінші кезекте орындалады, – деді қала әкімі.

Бұл шағын ауданда тұратын тұр­ғындардың басым бөлігі жер кезегі, тұрғын үй алу, жол, жарық секілді мәселе көтерді. Қала әкімі өзекті мәселелерді сарапқа салып, дер кезінде шешілу жолдарын қарастыру керектігін айтты.

– Осы «Шұғыла» шағын ауданы­ның тұрғынымын. Өткен жылы №2 тұрғын үй маңында жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді. Құрылыс алаңында қалған кейбір қоқыстар әлі күнге алынбай келеді. Тіптен үстінен шөп те шығып кетті. Ойын балалары бір-біріне лақтырып, жазым бола ма деп қорқамын. Одан қала берді өткен-кеткен адамның жүруіне кедергісін келтіруде. Сол маңды тазалап берсеңіздер. Тағы бір айта кететін жайт, көпқабатты тұрғын үйлердің өжірелерінде жарық болатын. Соның сымы қиылып, алаңсыз іске жарамсыз болып қалды. Осыны ретке келтіріп берсеңіз, – деді қала тұрғыны Майра Алтынбекқызы.

Тұрғын сауалын зейін қойып тың­даған қала басшысы бірінші сұрағына байланысты үш күн ішінде орындалатынын жеткізді. Екінші мәселесіне орай арнайы бөлімге қатаң тапсырылып, оның орындалуы өз бақылауында болатынын айтты. – Бәріңіз білесіздер Қызылорда қаласы – біріншіден, облыс орталығы. Барлық аудан орталықтары осында қарап бой түзейді. Сондықтан қаланың кез келген шағын ауданындағы мәселе біз үшін кезек күттірмес түйткіл. Ал түйткілдің түйінін тарқату – біздің басты мақсатымыз. Сіздермен де сол мақсатта жолығып тұрмыз. Халық­пен бірге атқарар шаруа ұшан-теңіз. Әрине, жасалған жұмыс та аз емес, дегенмен атқарылар кешенді шаруалар да көп. Өзектілігіне қарай саралап жұмыс жүргіземіз. Бұл – Жаңа Қазақстанның бүгінгі бағыты. Бұдан былай әр тоқсан сайын халықпен тұрақты түрде кездесіп отырамын, – деді қала әкімі.                         

Тұрар ШАЙДУЛЛАҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: