Жұма, 21 маусым, 12:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Цифрлық салада серпін бар

11.11.2022

692 0

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бүгінде өңірде цифрландыру саласында жаңа жобалар жүзеге асып, сандық жүйенің көкжиегі кеңейіп келеді. Қазіргі таңда елімізде аталған салада 155 мыңнан астам маман еңбек етеді. Соның ішінде екі мыңнан астам сала қызметкері облыста нәтижелі қызмет атқаруда. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла атаулы күнге орай жүзеге асып жатқан ауқымда жобалар туралы баяндады.

Бүгінгі кәсіби мереке елімізде тұңғыш рет аталып өтуде. Соңғы жылдары аймағымызда цифрлық технологиялар саласы бойынша көптеген ауқымды жобалар іске асты. Әртүрлі салаларда цифрлық жүйенің аясы кеңейді. Сондай-ақ, жуырда «Smart City Kyzylorda Hackathon» идеялар байқауы төртінші мәрте ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жастардың ІТ саласына қызығушылығын арттыру мақсатында желтоқсан айында HackDay форматында «INNOFEST Кызылорда» жобасын өткізбекшіміз, – деді Сәбит Ибадулла.


-Қазіргі таңда IT PARK технопаркінде 452 студент білім алуда. Одан бөлек, осы жылдан бастап біздің орталық Өзбекстан мемлекетімен тығыз байланыс орнатып, екі жақты келісімге отырдық. Алдағы «INNOFEST Кызылорда» жобасында Өзбекстан мемлекетінің IT саласы мамандарының үздіктері қатысатын болады. Бүгінде Армения мемлекетінің мамандарымен тығыз байланыс орнатып жатырмыз. Осы арқылы шет елдердің цифрлық технологиялар саласының үздіктерімен тәжірбие алмасатын боламыз, – деді «Grand master» ЖШС-нің директоры Алмат Қуанышбаев.


-Біздің облыстық әкімдік пен «Astana Hub» халықаралық технопаркі бірлесіп «Startap Orda» атты тың идеялар жобасын ұйымдастырмақшымыз. Бұл жобаға облыстан барлығы 350 дан астам жас жиналып, алда болатын IT жобаға батлл өткіземіз. Сонымен қатар, ерекше цифрлық идеяларды қолдауға бағытталған цифрлық жобалардың саны артатын болады, – деді Бизнес-старт бизнес инкубаторының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: