Бейсенбі, 02 мамыр, 11:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Достықты тірек еткен кеш

26.09.2023

732 0

Жуырда облыстың 85 жылдығына орай «Достық» үйінде «Қызылорда – достық мекені» атты этномәдени бірлестіктер мен қала қонақтарының мерекелік концерті өтті. Концертке славяне, татар, шешен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен қатар кеш қонақтары, «Гармония» дуэті Любовь Овчинникова мен композитор Виктор Овчинников қатысты.

Қала күні мерекесін ауқымды және мазмұнды өткізудің басты мақсаты ел бірлігі мен достықты және ізгі қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Сондай-ақ келешек ұрпақты, студенттер мен оқушыларды – ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюмен қатар қорғауға, көпұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат етіп тәрбиелеу.
Шарада Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов сөз сөйледі. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы бірлікті, келісім мен тұрақтылықтың мемлекеттің дамуын қамтамасыз етудегі маңызы мен рөлін атады. Сондай-ақ шараға келген өнерпаздар мен қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар «Гармония» дуэті өкілдеріне «Достық» үйі атынан Алғыс хат пен сыйлыққа кітап табыстады.
«Достық» үйінде өткізілген мерекелік шарада өңірдегі славян, татар, шешен этномәдени бірлестіктерінің өнерпаздары мен «Гармония» дуэті ән айтып, би билеп сахнаның сәнін ашып қана қоймай мерекелік шараға жиылған қауымның көңілін көтеріп, ықылас, қошеметіне бөленді. Осындай бейбітшілік, бірлік пен келісімді нығайтатын шаралар тәуелсіздіктің басты қазынасы екенін көрсетеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: